Ас-адамның арқауы
- kuralain85
- 7 мар. 2015 г.
- 4 мин. чтения
Сабақтың тақырыбы «Ас – адамның арқауы» Деңгейі: В2 ортадан жоғары деңгей Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың типі: Дәстүрлі емес Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем және, да, де, әрі Сабақтың мақсаты: Тағам тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы сөздік қорларын дамыту, ой – пікірін толық жеткізуге дағдыландыру; түрлі әдіс – тәсілдер пайдалану арқылы мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау, сауатты жазуға үйрету; Сабақта қолданылатын технологиялар: Ақпараттық технологияның элементтері, ойын технологиясының элементтері, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері Қолданылатын әдістер: Интербелсенді әдіс-тәсілдер, тестілеу т.б. Көрнекілігі: Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар, планшеттер Лексикалық минимум: ақжелкен, бұқтыру, жеңсік ас, зәйтүн майы, кәді, өндіру, ұнтақ, шөл, шипалы, тұздық. Сабақ барысы: 1.Психологиялық тренинг Мақсаты: Жағымды психологиялық орта қалыптастыру. 2 мин.
-Сәлеметсіздер ме?! - Көңіл-күйлеріңіз қалай? - Би билеуге қалай қарайсыздар? - Олай болса ортаға шығып бой жазып алайық. Психологиялық тренинг. Топтық жұмысты ұйымдастыру. Шеңбер құру.(ленталар арқылы) Жаңа сабақты бастамас бұрын интерактивті тақтадағы суртеттерге назар аударыңыздар.
2.Ой шақыру Мақсаты: тыңдаушыларға интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу 3 минут.
3.Лексикалық минимум Мақсаты: Жаңа сөздермен жұмыс істеу арқылы сөздік қорларын молайту. 3 минут
4.Тыңдалым Мәтінді тыңдап, естіген мәтіннің мазмұнын түсінуге машықтандыру. 4 минут.
5. FILA кестесі арқылы мәтінді бекіту
6.Оқылым Мақсаты: тыңдаушылардың сөздік қорларын арттыра отырып, мәтінмен жұмыс істеу. 4 минут.
Аялдама стратегиясы арқылы мәтінді бекіту (3 плакат,3 мәтінді тарату, )
6. Бекіту.
8.Грамматикалық минимум. Ыңғайлас құрмалас сөйлем. 5 минут.
9. Бекіту Мақсаты: берілген таратпа материалдар арқылы грамматикалық минимумды бекіту.
11. Қорытынды Рефлексия 2 минут.
12. Бағалау
13.Үй жұмысы 2 минут. Осындай жақсы көңіл – күймен интерактивті тақтаға назар аударайық. - Мына суреттерді екі топқа бөліп қойыңыздар, суреттердің астында құпия сөйлем бар,соны шешейік.
Денсаулыққа
«Ас – адамның арқауы»
Жақсы, ендеше бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы қандай? – Дұрыс, Ас-адамның арқауы. Халық қуанышын да, қайғыны да, дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан халық дастарханды «Құттыхананың берекесі» деп қасиет санаған екен. Біздің сабағымыздың мақсаты әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорымызды молайту, өз ойымызды еркін жеткізе білуге үйрену.
1-тапсырма. Фрейер моделі арқылы жаңа сөздердің мағынасын ашу. Сөзге анықтама беру Синонимін табу Антонимді табу Сөйлем құрау
қадірлеу мал шаруашылығы аңыз ақжелкен бұқтыру Жеңсік ас зәйтүн майы кәді ұнтақ тұздық шипалы шөл Аудармасы: Легенда Петрушка Тушить Деликатес Оливковое масло Кабачок Производить Крошки, порошок Соус лечебный жажда
3-тапсырма. Жаңа сөздермен таныстық, енді мәтінді тыңдайық. 1-тапсырма Мәтінді тыңдаңыз. Сұрақтарға толық жауап беріңіз. Ұлттық тағамдардың пайдасы Қазақ халқы асты жоғары бағалаған және оны қадірлей білген. Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың негізгі асы ет пен сүт болған. Етті қуырып та, асып та жеген. Ал сүттен көптеген сүт тағамдарын дайындаған. Сиыр, қой сүттерінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары май, тағы да басқа тағамдар әзірлеген. Қазақ әйелдері тағамдарды жазда да, қыста да бұзбай сақтаудың әдіс-тәсілдерін білген. Басқа тағамдарға қарағанда, сүттің алатын орны ерекше. Себебі, сүт және сүттен жасалатын тағамдар денсаулыққа өте пайдалы және ас қорытуды үнемі жақсартып отырады. Оның үстіне сүт өнімдерінің емдік қасиеті де бар екен. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылады. Ал, жылқының сүтінен әзірленетін қымыздың емдік қасиеті ертеден белгілі. Сонымен бірге, шұбат та денсаулыққа өте пайдалы екен. Осы астардың пайдасын ата-бабамыз медицина пайда болмай тұрғанда жақсы білген. факті идея сұрақтар жоспар
Оқыңыз. Қымыз ішуді әдетке айналдырсаң, басқа сусындардан оның артықшылығын сезінесің. Осы шипалы сусын аштық пен шөлді бірден басады да, денені салқындатады. Егер қымызды үзбей ішсең, бір аптадан соң өзіңді сергек сезінесің. Денсаулығың түзеліп, тынысың жеңілдейді, жүзің жарқырап шыға келеді. Оны басқа қорек түрлерімен еш салыстыруға болмайды. Қытайлардың 75 пайызы қымыздың қаншалықты пайдасы бар екенін біледі. Қытайлық БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, мұндай нәтижені халық арасында жүргізілген сауалнама көрсеткен. Қытай халқы қымызға қызығушылық білдіріп отыр әрі оны медицинада пайдаланып жатыр. Мысалы, оның көп ауруға ем екенін зерттеп, одан дәрі өндіруге бет бұруда. Германия қазір қымыздың ұнтағын таблетка пішінінде шығарып жатыр. Сонымен қатар одан балмұздақ жасап, кәмпит, косметикалық тауарлар өндіруге кіріскен. 1-топ: Қымыздың пайдасы 2-топ: Мәтіндегі тірек сөздер 3-топ: Әр азат жолға тақырыпша жазу Әр топтан бір спикер шығып қорғайды. Тест тапсырмалары: 1. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. А. Қымыздың түрлері көп. В. Қымыз- қазақтың «бренді». .....С. Қымыздың артықшылығы мен пайдасы. Д. Шипалы сусынның әрбір дастарханда болуы. 2. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. А. қымыз сізге ұнай ма? В. қымызды қанша уақыт ішеді? С. шипалы сусынның әсері қандай? .....Д. қымыз қарынды тойдырып, шөлді баса ма? 3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. А. қымыз, әдет, қорек, денсаулық, өнім В. қымыз, әдет, қорек, денсаулық, шетел ......С. қымыз, пайда, шетел, өндіріс, тауар Д. қымыз, денсаулық, қорек, өнім,медицина 4. Мәнмәтіндегі/контекстегі/ асты сызылған сөзге мағыналас сөзді көрсетіңіз. Қытайлар қымыздың көп ауруға ем екенін зерттеді. А. зиян .....В. шипа С. пайда Д. сапалы 5. Мәтін мазмұнына сәйкес сұраққа жауап беріңіз. Үнемі қымыз ішкен адам өзін қалай сезінеді? А. баяу .....В. сергек С. көңілді Д. шапшаң
- Енді мәтіндегі қызылмен белгіленген сөздерге назар аударыңыздар. Бұл қандай сөздер? - Дұрыс, біртектес оқиға, құбылыстарды не бір мезгіл ішінде жүзеге асып жатқан іс-әрекетті білдіреді. Ыңғайлас құрмалас сөйлем құрамындағы компонеттер және, әрі, да, де, та, те шылаулары арқылы байланысады. Мысалы: Аудан орталығында мейрамхана ашылды және оған жаңа қызметкерлер жұмысқа алынды. Мен қазақ ұлттық тағамдарының ерекшеліктерін білемін әрі дайындаймын. Ол телефонмен сөйлесіп болды да, түскі асты дайындауға кірісті.
Интерактивті тақтамен жұмыс Берілген сөйлемдерден ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыз. 1. Ол туған жеріне келді. Бала кезіндегі достарымен кездесті. Ол туған жеріне келді әрі бала кезіндегі достарымен танысты. 2. «Әлем тағамдары» кітабын сатып алды. Тағам дайындауды үйрене бастады. ............................................................................................ 3. Ол қазақ тілін жетік біледі. Телеарнадағы жаңалықтарды еркін түсінеді. ............................................................................................. 4. Бұқтырылған етке бұрышты салды. Оларды жақсылап қуырды. ........................................................................................... 5. Олар жайлауға көшіп келді. Киіз үйлерді ауылдың шетіне тікті. .......................................................................................... - Бүгінгі сабағымыз мәресіне жетті. Сабақтан алған әсерлеріңіз қандай екенін білу үшін мына тапсырманы орындайық.
РЕФЛЕКСИЯ Бүгін мен білдім Бүгін сабақ қызықты болды Маған қиын болды
«Ас – адамның арқауы» тақырыбына шығарма жазу.
Comentarios