top of page

Достық

  • kuralain85
  • 8 мар. 2015 г.
  • 4 мин. чтения

Сабақтың тақырыбы

«Достық»

Деңгейі:

В2 орта деңгей

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың типі:

Дәстүрлі емес

Грамматикалық тақырып:

Салыстырмалы шырай

Сабақтың мақсаты:

тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы сөздік қорларын дамыту, ой – пікірін толық жеткізуге дағдыландыру; түрлі әдіс – тәсілдер пайдалану арқылы мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау, сауатты жазуға үйрету;

Сабақта қолданылатын технологиялар:

Ақпараттық технологияның элементтері, ойын технологиясының элементтері, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері

Қолданылатын әдістер:

Интербелсенді әдіс-тәсілдер, тестілеу т.б.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар, планшеттер

Лексикалық минимум:

Құты

Құнды

Қуыс

Күш-қуат

Сабақ барысы:

  1. Психологиялық тренинг

Мақсаты: Жағымды психологиялық орта қалыптастыру.

2 мин.

-Сәлеметсіздер ме?!

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

- Би билеуге қалай қарайсыздар?

- Олай болса ортаға шығып бой жазып алайық.

Психологиялық тренинг.

Топтық жұмысты ұйымдастыру. Шеңбер құру.(ленталар арқылы)

Жаңа сабақты бастамас бұрын интерактивті тақтадағы суртеттерге назар аударыңыздар.

2.Ой шақыру

Мақсаты: тыңдаушыларға бейнероликті көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу

3 минут.

3.Лексикалық минимум

Фрейер моделі

Мақсаты: жаңа сөздермен жұмыс істеу арқылы сөздік қорларын молайту.

3 минут

4.Тыңдалым

Мәтінді тыңдап, естіген мәтіннің мазмұнын түсінуге машықтандыру.

4 минут.

5. FILA кестесі арқылы

мәтінді бекіту

5.Оқылым

Мақсаты: тыңдаушылардың сөздік қорларын арттыра отырып, мәтінмен жұмыс істеу.

4 минут.

6. Аялдаустратегиясы арқылы мәтінді бекіту

6. Мәтінді бекіту

Мақсаты: Мәтінді қаншалықты меңгергенін білу үшін тестік жұмыс орындау

7.Грамматикалық минимум. Тұйық етістік

5 минут.

8. Бекіту

Мақсаты: берілген таратпа материалдар арқылы грамматикалық минимумды бекіту

9. Қорытынды

2 минут.

10. Бағалау

Рефлексивтік экран

14.Үй жұмысы

2 минут.

  • Көңіл-күйіміз қалай біздің?

  • Тамаша, жақсы, керемет!

Мына суреттерге назар аударайық:

- Дұрыс айтасыздар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Достық».

Біздің сабағымыздың мақсаты әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорымызды молайту, өз ойымызды еркін жеткізе білуге үйрену.

1.Олар достарын қалай тапты?

2.Досын компьютер арқылы кім тапты?

3.Кім өз досын жұмысқа кіргенде тапты?

4.Досын көлік тұрағында тапқан кім?

5. Кім әуежайда досын тапты?

6. Студент болғанда дос тапқан кім?

1-тапсырма. Фрейер моделі арқылы жаңа сөздердің мағынасын ашу.

Сөзге анықтама беру

Синонимін табу

Антонимді табу

Сөйлем құрау

Құты

Құнды

Қуыс

Күш-қуат

3-тапсырма. Жаңа сөздермен таныстық, енді мәтінді тыңдайық.

1-тапсырма.

Сенім керек алдымен

Достық – адамдардың бір-біріне сенуінен басталады. Сенім артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенім жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар. Бірақ ол жалған достық, бірде бар, бірде жоқ. Көптеген адамлармен Мен өмірімде көптеген адамдармен дос болып көрдім. Достарымның барлығы жақсы болған жоқ. Амал дос та адл дос та кездесті. Бірақ мен мақтан тұта алтындай сенімді дос таптым. Оның бар болғанына қуанамын. Оған сенемін жіне оның қиын сәттерде қасымнан табылатынын білемін. Досыма қиын жағдайда мен де көмектесемін, әрқашан бір-бірімізді түсінуге тырысамыз. Досымды мақтан етемін!

Барлық топ фила кестесін жасайды

факті

Идея

сұрақтар

жоспар

4-тапсырма. Мәтінді оқыту.

Өмірдің маңызы

Бірде ұстаз сабақ үстінде шыны құтыны алып оны ірілеу тастармен толтырады. Сосын студенттерге қарап «Құты толды ма?»- деп сұрайды. Студенттер «иә!»- деп жауап береді. Сонда ғалым құтының үстіне ұсақтау тастарды салып, ірі тастардың арасын майда тастармен толтырады да, тағы да студенттерден: «құты толды ма?» - деп сұрайды. Студенттер құтының толғанын айтады. Құтыны құммен толтырғанда, ірілеу және ұсақтау тастардың арасындағы барлық қуыстары түгелдей толады.

Ұстаз студенттерге қарап: «Міне, құты енді толды.Мұнда бос орын жоқ. Мен осы құтының сіздердің өмірлеріңізге ұқсас екенін түсінсеңіздер деймін, ірілеу тастар өмірлеріңіздің ең маңыздысы отбасы, достарыңыз, денсаулығыңыз, балаларыңыз. Одан кейін салынған ұсақтау тастар өмірдегі жанама саналатын – жұмыс, үй, автокөлік және тағы басқа заттар. Ал құм – өзіміз айтатын « өмірдің ұсақ-түйектері».

Егер сіздер, алдымен, құтыны құммен толтырсаңыздар, онда ірілеу және ұсақтау тастарға орын қалмас еді. Өмірде де солай.Егер сіз барлық күш-қуатыңызды ұсақ түйектерге жұмсаңыз онда ешқашан маңызды заттарға уақыт таба алмайсыз, олар үшін орын қалмайды. Сондықтан өз бақытыңыз үшін маңызды болып саналатын нәрсеге назар аударыңыз. Шын мәнінде құнды болып табылатын нәрселерге қамқор болыңыздар. Өз басымдықтарыңызды белгілеңіздер. Әрі өмірдегі қалаған нәрселердің барлығы құм екенін ұмытпаңыздар.

3 топқа бөліну «Аялдау стратегиясы» бойынша мәтінді 3 бөлікке бөліп оқып шығу, топтар өз оқыған бөлігі бойынша сұрақтар қояды. Мәтін толықтай меңгеріліп, идеясы анықталады.

1) Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

А) Мұнда бос орын жоқ.

В) «құты толды ма?» - деп сұрайды.

С) Ақ құм - өзіміз айтатын «өмірдің өтпелі кезеңі»

Д) Ұстаз сабақта шыны құтыны алып, оны ірілеу тастармен толтырады.

2) Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз

А) өмірдегі бос орын деген не?

В) сабаққа қанша студент қатысты?

С) ұстаз сабақта басқа не туралы айтты?

Д) сабақтың соңында студент не деп пікір білдірді?

3) Мәтіндегі басты тірек сөздер

А) шыны, құм, су,қуыс

В) орын, өмір, студент, ұсақ.

С) ұстаз, сабақ, құм, студенттер

Д) ірілеу тастар, құм, шеге, студенттер

4) Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз

А) ұстаз студенттерге құм туралы айтты

В) ал құм - өзіміз айтатын проблемалалар

С) ірілеу тастар өмірлеріңіздегі ең жанамасы

Д) шын мәнінде құнды болып табылатын нәрселерге қамқор болыңыздар.

5)Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз

Өмірлеріңіздегі ең маңыздысы не?

А) байлық, үй, машина

В) абырой, мансап, билік

С) қызмет, ақша, денсаулық

  1. отбасы, достар, денсаулық

  • Енді мәтінге назар аударыңыздар, қарамен белгіленген сөздерге назар аударыңыздар.

  • Ұсақтау, ірілеу деген қандай сөз табы?

  • Сын есімдер

  • Жақсы, бұл сөздер салыстырмалы шырайлар. -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш

  • Яғни, заттың ұқсас сапаларының артық немесе кемдігін жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді және келесі сөздермен тіркесте қолданады: қарағанда, гөрі, менікінен, сенікінен, сіздікінен

Мысалы: Біздің университетіміз сендердікіне қарағанда үйге жақындау.

[endif]--

Қажетті форманы қойыңыз.

-лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу,-рақ,-рек,-ырақ,-ірек

Сіздің қызыңыз пысық...................

Жаңа қызметкерлер жұмысқа бейім...............

Әсет бүгін көңілді................. көрінеді.

Бастықтары қатал.............. адам екен.

Бүгін жұмыстан кеш.................қайтамын.

Бүгін мен білдім

Бүгін сабақ қызықты болды

Маған қиын болды

«Достық» тақырыбына шағын шығарма жазу.

![endif]--

[endif]-- ![endif]--

 
 
 

Commentaires


Московский государственный университет имени М. В. Ломоносова

© 2023 Артем Смелянский. Сайт создан на Wix.com

  • Facebook Clean Grey
  • Twitter Clean Grey
  • LinkedIn Clean Grey
bottom of page