top of page

Мамандық

  • kuralain85
  • 18 февр. 2016 г.
  • 4 мин. чтения

Сабақтың тақырыбы

«Мамандық»

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың типі:

Дәстүрлі емес

Грамматикалық тақырып:

Бөлшектік сан есім

Сабақтың мақсаты:

Білім беру саласына байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы сөздік қорларын дамыту, ой – пікірін толық жеткізуге дағдыландыру; түрлі әдіс – тәсілдер пайдалану арқылы мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау, сауатты жазуға үйрету;

Сабақта қолданылатын технологиялар:

Ақпараттық технологияның элементтері, ойын технологиясының элементтері, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері

Қолданылатын әдістер:

Интербелсенді әдіс-тәсілдер, тестілеу т.б.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта,ресурстар

Лексикалық минимум:

Баспасөз,қызығушылық, табыс, мақсатшылдық, табыс

Сабақ барысы:

1.Психологиялық тренинг(видеоролик)

Мақсаты:Жағымды психологиялық орта қалыптастыру.

2.Ой шақыру

Мақсаты: тыңдаушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты ашу

3.Лексикалық минимум

Мақсаты: жаңа сөздермен жұмыс істеу арқылы сөздік қорларын молайту

4.Тыңдалым

Мәтінді тыңдап, естіген мәтіннің мазмұнын түсінуге машықтандыру.

4 минут.

5. FILA кестесі арқылы мәтінді бекіту

3 топқа тапсырма

6.Оқылым

Мақсаты: тыңдаушылардың сөздік қорларын арттыра отырып, мәтінмен жұмыс істеу.

7. Аялдама стратегиясы арқылы мәтінді бекіту

Мақсаты: Мәтінді қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау

Тестік жұмыс

8.Грамматикалық минимум.

9. Бекіту

Мақсаты: берілген таратпа материалдар арқылы грамматикалық минимумды бекіту.

10. Бағалау

Рефлексивтік экран

11.Үй жұмысы

-Сәлеметсіздер ме?!

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

- Би билеуге қалай қарайсыздар?

- Олай болса ортаға шығып бой жазып алайық.

Психологиялық тренинг.

Топтық жұмысты ұйымдастыру. Шеңбер құру.(ленталар арқылы)

Жаңа сабақты бастамас бұрын интерактивті тақтадағы суртеттерге назар аударыңыздар.

Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыздар? - Жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет? - Сіздің ойыіызша адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?

- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай

болады деп ойлайсыздар?

- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады? - Ендеше, біз бүгін мамандық туралы пікір алмасамыз, ой бөлісеміз, сызба дайындаймыз, білімімізді кеңейтеміз.

Біздің сабағымыздың мақсаты әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы білімнің қажетін түсіндіру білім саласы бойынша сөздік қорымызды молайту, өз ойымызды еркін жеткізе білуге үйрену.

1-тапсырма. Фрейер моделі арқылы жаңа сөздердің мағынасын ашу.

Сөзге анықтама беру

Синонимін табу

Антонимді табу

Сөйлем құрау

Кәсіп

Қызығушылық

Табыс

Мақсатшылдық

Баспасөз

Сұхбатты тыңдаңыз.

Мағжан Кәрімұлы, сізді табысты кәсіпкер деп білеміз.Жас кәсіпкерлерге айтар ақыл-кеңестеріңіз бар ма? Табысты болудың сырымен бөлісесіз бе?

Мен кәсіпкермін. Атым-Мағжан. Еңбекке ерте араластым. Жеке кәсібімде жетістікке жету үшін көп еңбектендім. Алғашында қиын болды, әрине. Бірақ еңбекқорлығым және өмірге деген қызығушылығым жеңіске жетуіме көмектесті. Сонымен, табысқа жеткізетін 8 қасиетті айтайын. Менің ойымша, олар өзіңе деген қызығушылық, сонымен бірге еңбекқорлық, тәжірибелілік, мақсатшылдық алдыңа қойған мақсатыңа жетем деп ұмтылмасаң, кәсібіңді дамыта алмайсың. Ал табандылық, қажеттілік өте қажетті қасиеттер. Өз жұмысыңнан шаршамау үшін шығармашылық қасиет те керек. Ал жауапкершілік болмаса, жоғарыда аталған қасиеттер бір сәтте мағынасыз болып қалады. Егер осы сегіз қасиет сіздің бойыңыздан табылса, сіз табысты кәсіпкер боласыз. Істеріңіз сәтті болсын!

Факті

идея

сұрақтар

жоспар

Немістер тәулігіне бес-ақ сағат жұмыс істейді

ТМД (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы)елдерінде азаматтардың еңбек уақыты бір аптаға 40 сағат келеді екен. Ал, Еуропада жұмыс уақыты ең қысқа елдерінің тізімі Германия мен Нидерланды бастап тұр.

Мәселен, аталған елдерде жұмыс күні шамамен 5 сағатқа созылады. Таң-тамаша болып отырсыз ба? Сонда бір жыл көлемінде 1330 сағат жұмыс істейді деген сөз. Ал бір сағат еткен еңбегі үшін Германияда – 35, Нидерландыда 42 доллар көлемінде жалақы төленеді.

Әлемдегі жұмыс уақыты ең қысқа елдердің қатарына келесі елдерде кіреді. Францияда еңбек келісімшарты бойынша аптасына 26 сағат, Австрияда 27, 5 сағат, Люксембургте 30 сағат, Финляндияда 30 сағат , Британияда 31 сағат жұмыс істейді. Айта кетсек, дәл осы ондыққа кірген елдердің еңбекақысы да жоғары болып саналады. Айтып – айтпай не керек, еуропалықтар өз қызметкерлерінің асты- үстіне түсіп, барлық жағдайларын жасайды. Бір ескеретіні, жұмыста сирек , анда- санда болса да қалып, кеш бойы жұмыс істейтін неміс жұрты болып шыққан. Олар келісімшарттағы бекітілген жұмыс уақыты әлдеқашан бітіп қалса да, жұмыс орнында отырып, үлкен ізденіс үстінде еңбектенеді екен. Бұл көрсеткіш жағынан олар барлық елдерден алда тұр. Мүмкін, ірі кәсіпорындардың тоқтамауы, баспасөз беттерінде олардың ашқан жаңалықтары туралы дүркін- дүркін жазатындары да осыдан болар.

1-тапсырма Аялдама стратегиясы (топтарға плакаттар беріледі олар аялдамаларға ат қояды, берілген тапсырмалар бойынша топта талдайды, басқа топқа барып келесі тапсырмаларды орындайды.)

1-топ: Мәтіндегі тірек сөздер

2-топ:Мәтінге байланысты 3 сұрақ құрастырыңыз

3-топ:Германия мен Қазақстан арасындағы жұмыс істеу уақытының тиімді, тиімсіз жағы

1)Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз

А) Әлемге танымал фильм Азамат Кэйн

В) Ең көп сатылатын газет Yomiuri Shimbun

С) Теледидарды ең көп көретін мемлекет Қытай

Д)Әлемге танымал танымдық бағдарлама «Кімнің миллионер болғысы келеді?».

2)Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз

А) Үндістан, АҚШ, газет

В) газет, теледидар, ақпарат

С) танымал, БАҚ, мемлекеттер

Д) GOOGLE, газет, кинофильм

3) Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз

А) Әлемге танымал бағдарлама «Кім ақша ұтады?».

В) Үндістан кино-студиясы лақап аты Hollywood

С) «Бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттар танымдық мәліметтер және бос сөздер жиынтығы» - дейді заңгер Д.Янден

Д) Ең көп сатылатын газет - Yomiuri Shimbun.Бұл газеттің Қытайда бір күнде миллион данасы сатылады

4) Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз

А) Азамат Кэйн фильміне қай актерлер түсті?

В) Yomiuri Shimbun газеті қанша тілде шығады?

С) «Кімнің миллионер болғысы келеді»? ток-шоуының жүргізушісі кім?

Д) Кімнің миллионер болғысы келеді»? ток-шоуы алғаш рет қай қалада көрсетілді?

Оқылым мәтініндегі қанша? Неше?деген сұраққа жауап беретін сөздерді табыңыздар. Жасалу жолы қандай?

Заттың бөлшектік санын білдіретін сан есім, математикалық ұғымға негізделген сөздер. Құрамы жағынан тек күрделі ғана болады.

Мыс: Жұмыстың үштен бірі бітті.

Жұмыссыздық 2,5 пайызға артып отыр.

1-тапсырма

Бөлшектік сан есімдерді санмен жазыңыз.

  1. 12,7 .....................................................

  2. 8,03 .........................................................................

  3. 1/4................................................................

  4. 27,5..................................................................

Бүгін мен білдім

Бүгін сабақ қызықты болды

Маған қиын болды

«Білімді мыңды жығар» тақырыбына шағын шығарма жазу.


 
 
 

Commentaires


Московский государственный университет имени М. В. Ломоносова

© 2023 Артем Смелянский. Сайт создан на Wix.com

  • Facebook Clean Grey
  • Twitter Clean Grey
  • LinkedIn Clean Grey
bottom of page