Мұражай және тарих
- kuralain85
- 18 февр. 2016 г.
- 3 мин. чтения
Сабақтың тақырыбы
«Мұражай: Тарих және мәдениет»
Деңгейі:
В2 ортадан жоғары деңгей
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Сабақтың типі:
Дәстүрлі емес
Грамматикалық тақырып:
Бұрынғы өткен шақ
Сабақтың мақсаты:
мәдениет тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы сөздік қорларын дамыту, ой – пікірін толық жеткізуге дағдыландыру; түрлі әдіс – тәсілдер пайдалану арқылы мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау, сауатты жазуға үйрету;
Сабақта қолданылатын технологиялар:
Ақпараттық технологияның элементтері, ойын технологиясының элементтері, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері
Қолданылатын әдістер:
Интербелсенді әдіс-тәсілдер, тестілеу т.б.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар, планшеттер
Лексикалық минимум:
Сүйіспеншілік, ынтымақтастық, түсіністік, ынтымақтастық, отағасы.
Сабақ барысы:
1.Психологиялық тренинг
Мақсаты: Жағымды психологиялық орта қалыптастыру.
2 мин.
-Сәлеметсіздер ме?!
- Көңіл-күйлеріңіз қалай?
- Би билеуге қалай қарайсыздар?
- Олай болса ортаға шығып бой жазып алайық.
Психологиялық тренинг.
Топтық жұмысты ұйымдастыру. Шеңбер құру.(ленталар арқылы)
Жаңа сабақты бастамас бұрын интерактивті тақтадағы суртеттерге назар аударыңыздар.
2.Ой шақыру
Мақсаты: тыңдаушыларға бейнероликті көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу
3 минут.
3.Лексикалық минимум
Мақсаты: жаңа сөздермен жұмыс істеу арқылы сөздік қорларын молайту.
3 минут
Фрейер моделі
4.Тыңдалым
Мәтінді тыңдап, естіген мәтіннің мазмұнын түсінуге машықтандыру.
4 минут.
5. Мәтінді FILA
кестесі арқылы
бекіту
6.Оқылым
Мақсаты: тыңдаушылардың сөздік қорларын арттыра отырып, мәтінмен жұмыс істеу.
4 минут.
7. Мәтінді аялдама стратегиясы арқылы бекіту
Мақсаты: Мәтінді қаншалықты меңгергенін білу
8. Айтылым.
Мақсаты: Тыңдаушылардың сұхбатқа түсе алу қабілетін арттыру
6 минут.
9.Грамматикалық минимум. –и және – дай, - дей, - тай, - тей жұрнақтары
5 минут.
10. Бекіту
Мақсаты: берілген таратпа материалдар арқылы грамматикалық минимумды бекіту.
12. Қорытынды
2 минут.
13. Бағалау
Рефлексивті экран
14.Үй жұмысы
2 минут.
Осындай жақсы көңіл – күймен интерактивті тақтаға назар аударыңыздар.
1-тапсырма. Сәйкесін табыңыз.
Уффици галереясы Эрмитаж мұражайы
Мысыр мұражайы
Ұлттық өнер галереясы
Ватикан мұражайы Лувр ұлттық мұражайы
Жақсы, бұл суреттен біз әлем мұражайларын тамашаладық.
Осы мұражайларда болдыңыз ба?
Қандай әсер алдыңыз?
Енді айтыңыздаршы, Қазақстанда қандай мұражайлар бар?
Тұңғыш президент мұражайы, республикалық кітап мұражайы, музыка аспаптар мұражайы т.б.
Олай болса біздің тақырыбымыз не екен?
Дұрыс, Мұражай: Тарих және мәдениет
Қалай ойлайсыздар, адамдар мұражайға не үшін барады?
Ал, сіз барасыз ба? Не үшін барасыз?
Ақпарат жинау үшін
Мәдениетпен танысу үшін
Уақыт өткізу үшін
Демалу үшін
Ақша жұмсау үшін
Өнермен танысу үшін
Тарихты білу үшін
Қызық үшін
Көркем сурет
Қолданбалы өнер
Мүсін
Құндылық
Үздік мұражай
Тұлға
Өнер туындылары
Сөзге анықтама беру
Синонимін табу
Антонимді табу
Сөйлем құрау
3-тапсырма. Жаңа сөздермен таныстық, енді мәтінді тыңдайық.
1-тапсырма.
Су астындағы мұражай 23
Мексиканың «Канкун» атты демалыс орталығында су асты мұражайы бар. Аталған мұражай көркемөнер саласында, яғни әлемдегі ең ірі құрылыстардың бірі болып саналады.
2010 жылдың желтоқсан айында ашылған мұражайда төрт мыңға жуық сәулет ескерткіші орналасқан. Бүгінгі таңда осы бір экспозициялар екі метрден он метр тереңдікте жатыр.
Мүсіндердің әрқайсысы су астында анық көрінуі үшін арнайыматериалдардан жасалған. Және тұнық судың астында орын тепкен мұражайды түбі әйнектен жасалған кеме арқылы да тамашалауға болады. Сол арқылы суға түспей-ақ су астындағы өмірге баға бере аласыз.Оған қоса көркемөнердің тамаша туындылары табиғатты аялау керек, яғни қорғау керектігін аңғарту мақсатында да салынғаны бірден байқалады.
Су астындағы қызықтардан басқа мұражайдың адамдарға әрі эстетикалық қуанышын сыйлайтын жағы бар. Әр мүсіннің поэтилық атауы көңіліңізді елең еткізері анық: «Жоғалған үміттің топтамалары», «Адам от ішінде», «Үміт бағы» тағы басқа даатаулар бар.
факті
идея
сұрақтар
жоспар
Мұражай (оқылым)
Республикалық кітап мұражайы
Мұражай қоры тас жазулары , алғашқы баспа құралдары, атақты жазушылардың түпнұсқа кітаптарынан тұрады. Сирек кездесетін кітаптардың ішінде алақанға сыйып кететін, көлемі 2-3см болатын кітап пен сегіз қырлы құран да бар. Аты әлемге әйгілі бабамыз ӘбуНасыр әл-Фараби, Қорқыт атаның мәдени еңбектері қойылған.
Республикалық музыка аспаптар мұражайы
Мұражайда қазақ халқының барлық дерлік ұлттық-тарихи аспаптардай аспаптар мен Абай, Жамбыл, Құрманғазы, Дина сынды атақты тұлғалардың домбыралары бар. Мұражай тұтастай ағаштан жасалған, ішкі бөлмелеріндегі қазақтың ою өрнектері мұражайға келушілерді тәнті қылады. Мұражайға келіп тұрыңыздар.
Дінмұхамед Қонаев мұражайы
Мұражайда Д. Қонаевтай қоғам қайраткерінің жеке заттары, қарулары, сыйлықтары сынды құнды дүниелер жинастырылған. Ол жерден Д.Қонаевтың отбасылық шежіресі және Қазақстанның қалыптасуындағы маңызды оқиғалар туралы ақпараттарды таба аласыз.
1-тапсырма Аялдама стратегиясы
Тіл үйренушілерді топтарға бөлу, мәтінді әр топқа абзацпен бөліп беру (олар орындарына отырмай топта жақсылап оқып алады, сұрақтар дайындайды), осылай әр топ өз абзацтарын оқып сұрақ дайындаған соң кезекпен барлық топтарға айтып береді. Барлық топ айтып болған соң бір-біріне сұрақ қояды.
Аялдама стратегиясының мақсаты: мәтінді тіл үйренушілердің толық меңгеруін қамтамасыз ету.
Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге назар аударыңыздар.
Есім сөздерге –и және – дай, - дей, - тай, - тей жұрнақтары жалғану арқылы сын есім жасалады.
Мысалы: Қазіргі уақытта тарихи мұражайлар жан-жақты қолдауға ие болып жатыр.
Дүниеде қазақ тіліндей бай тіл жоқ.
1-тапсырма
Тиісті сөзді қойыңыз.
Республикалық кітап мұражайынан.................кітапты көргенде таңқалдым.
а) бармақтайә) бармақс) бармақтауд) бар
Ол қуанғанда жас....................қуанады.
А) балаә) баладайс) балалыд) балалар
Студенттердің бәрі .................... оқыса жақсы болар еді.
А) Әселдейә) Әселгеб) Әселдайд) Әселдің
Бүгін мен білдім
Бүгін сабақ қызықты болды
Маған қиын болды
«Мұражай» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Comments