top of page

Олимпиада ұраны

  • kuralain85
  • 18 февр. 2016 г.
  • 4 мин. чтения

Сабақтың тақырыбы

«Олимпиада ұраны»

Деңгейі:

В2 ортадан жоғары деңгей

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың типі:

Дәстүрлі емес

Грамматикалық тақырып:

Төл сөзбен төлеу сөз

Сабақтың мақсаты:

Олимпиада ұраны тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы сөздік қорларын дамыту, ой – пікірін толық жеткізуге дағдыландыру; түрлі әдіс – тәсілдер пайдалану арқылы мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау, сауатты жазуға үйрету;

Сабақта қолданылатын технологиялар:

Ақпараттық технологияның элементтері, ойын технологиясының элементтері, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері

Қолданылатын әдістер:

Интербелсенді әдіс-тәсілдер, тестілеу т.б.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар, планшеттер

Лексикалық минимум:

Жанкүйер,жарыс, күш,мансап, сұрғылт, табиғатына сай келу, бел буу, көшбасшы, қарсылас

-Сәлеметсіздер ме?!

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

- Би билеуге қалай қарайсыздар?

- Олай болса ортаға шығып бой жазып алайық.

Психологиялық тренинг.

Топтық жұмысты ұйымдастыру. Шеңбер құру.(ленталар арқылы)

Сабақ барысы:

1.Психологиялық тренинг

Мақсаты: Жағымды психологиялық орта қалыптастыру.

2 мин.

2.Ой шақыру

Мақсаты: тыңдаушыларға бейнероликті көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу

3 минут.

3.Лексикалық минимум

Мақсаты: жаңа сөздермен жұмыс істеу арқылы сөздік қорларын молайту.

3 минут

4.Тыңдалым

Мәтінді тыңдап, естіген мәтіннің мазмұнын түсінуге машықтандыру.

4 минут.

5. FILA кестесі арқылы мәтінді бекіту

Тестік жұмыс

5.Оқылым

Мақсаты: тыңдаушылардың сөздік қорларын арттыра отырып, мәтінмен жұмыс істеу.

4 минут.

6. Мәтінді бекіту

Мақсаты: Мәтінді қаншалықты дұрыс меңгергенін білу үшін

Аялдама стратегиясы

(3 плакат,3 мәтінді тарату )

7.Грамматикалық минимум. Төл сөзбен төлеу сөз.

5 минут.

10. Бекіту

Мақсаты: берілген таратпа материалдар арқылы грамматикалық минимумды бекіту.

12. Қорытынды

2 минут.

13. Бағалау

Рефлексивтік экран

14.Үй жұмысы

2 минут.

-Осындай жақсы көңіл – күймен интерактивті тақтаға назар аударайық.

  • Суреттен не көріп тұрсыздар?

  • Дұрыс, бұл олимпиада нышандары. Қалай ойлайсыздар, 5 сақина нені білдіреді?

Бес дөңгелек дүниненің бес бөлігін білдіреді: Америка, Еуропа, Азия, Африка және Мұхиттар. Солтүстік және Оңтүстік Америка бір құрлық ретінде қаралса, Антарктида ол кезеңде назарда болмаған көрінеді.

  • «Олимпиада» деген не? Осы сөзге түсінік беріп көрейікші.

  • Ал, олимпиада ойындарын кім ойлап тапқанын білесіздер ме?

Олимпиада ойындарын алғаш ойлап тапқан Пьер де Кубертен 1912 жылы аталған сақиналарды да танымбелгі ретінде ұсынған екен.

  • Жалпы Олимпиада ойындары неше топқа бөлінеді?

Қысқы және жазғы

астында құпия сөйлем бар,соны шешейік.

Қысқы олимпида Жазғы олимпиада

ойындары ойындары

Шапшаңырақ, биігірек, күштірек!

  • Жоғарыдакөрсетілген спорт түрлерін атаңыз.Олардың қайсысы жазғы және қысқы Олимпиада ойындарына енгізілген? Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не екен?

  • «Олимпиада ұраны».

Біздің сабағымыздың мақсаты әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорымызды молайту, өз ойымызды еркін жеткізе білуге үйрену.

Қалай ойлайсыздар, интерактивті тақтада көрсетілген спорт түрлерінің қайсысы Қазақстанда дамыған? Қазақстандық спортшыларды атаңыздар.

  1. тапсырма. Берілген сөздердің синонимдік қатарын толықтырыңыз.

Табиғатына сай келу

Бел буу

3-тапсырма. Жаңа сөздермен таныстық, енді мәтінді тыңдайық.

  1. тапсырма.

Тыңдаңыз.

Серік Сапиев жомарттық танытты

Кеше ғана аяқталған Олимпиада ойындарында отандастарымыз аз сыйлық алған жоқ. Қоржынымызға бірі алтын, бірі күміс, ал енді бірі алтын әкеліп қосты. Ал, Серік сынды батырымыз алтынды еншілеп қана қоймай, Баркер кубогын да ұтып алған болатын. Қазақтың қоржынына еңбек пен сарқылмас күштен келіп түскен бұл Кубок бәріміздің төбемізді көкке жеткізді. Бірақ Серік Сәпиев сол сыйлықты өзіне қалдырмастан, Қазақстан Республикасының Бокс Федерациясының төрағасына сыйлайтынын хабарлады. Бұл шешімін ол Қазақстан Республикасының бокс Федерациясының марапаттау салтанатында жария етті. Бірақ Федерация төрағасы бұл мәртебелі сыйлықты алудан бас тартты. «Серік, бұл сенің олжаң» ,- деп Кубокты жомарт боксшының өзіне табыстады. Одан соң, Серік төрағаның қолынан сый үстіне сый қосып, тағы да 125 мың доллар алды. Бұл сыйлық алтын спортшымызға беріліп жатқан қосымша ақшалай сый екен.

факті

идея

сұрақтар

жоспар

1-диалог тапсырмалары:

  1. Диалог мазмұнына сай ақпаратты көрсетіңіз.

А. Олимпиада ойындарына жанкүйерлер де қатысты.

.....В. Атақты боксшының еңбегі лайықты бағасын алды.

С. Серік алтынмен бірге Баркер кубогын да ұтып алды.

Д. Бокс Федерациясының марапаттау салтанатын жарияланды.

  1. Сөйлемді мәтін мазмұнына сай нақты дерекпен толықтырыңыз.

Федерация төрағасы мәртебелі сыйлықтан ... .

А. алды

В. алмады

......С.бас тартты

Д.бас тартпады

  1. Негізгі ақпаратты табыңыз.

А. мәртебелі сыйлық

В. төрағаның сыйлығы

.......С. спортшының жомарттығы

Д. спортшыға деген құрмет

Қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров Лондонда көсбасшы атануына себеп болған велосипедін 50 мың долларға сататындығын айтты.

Винокуров Астанада өткен баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде: «Сұрғылт Лондонның фонында велосипед ашық әрі жарқын түсті. Маған бұл жеңіс әкелген бұл велосипедті аукционға қоюға бел будым. Бастапқы баға – 50 мың доллар. Менің ойымша, Алматы мен Астанадағы достарым қызығушылық танытады. »,

Өткен жылы «Тур де Франс»-та құлап, қатты жарақат алғанмын. Біреу балдақпен жүрген мен сенбеуші едім. Абырой болғанда, аяғыма нық тұрып, спорттық мансабымды «леп» белгісімен аяқтадым. Менен бұрын Лоран Жалабер сынды алыптар да спорттан кеткен. Ең бастысы, спортпен қош айтысар уақытты дұрыс таңдай білу қажет.

Ал спорттық мансапты Олимпиаданың алтын медалімен аяқтау тіптен әдемі деп есептеймін. Негізі спорттан былтыр кетпек ойым болған. Алайда жардан құлап, жыраға түстім. деп қайта тұрып Олимпиаданы 40-қа таяған шағымда бағындырмақ болдым. Топтық жарыстың ардагері ретінде маған оңай болған жоқ, әрине. Бірақ шамам жетті. Бәйгені сәтті аяқтадым.

1-топ: Әр азат жолға тақырыпша таңдаңыз

2-топ: Мәтіндегі басты тірек сөздер

3-топ: А. Винокуровтың велоипедті сату себебі

Әр топтан спикер шығып қорғайды.

  • Мәтіндегі қара сөзбен жазылған сөздерге назар аударыңыз. Бұл қандай сөздер деп ойлайсыздар?

  • Дұрыс төл сөз және төлеу сөзі.

  • Қалай ойлайсыздар төл сөз және төлеу сөз дегеніміз не?

  • Дұрыс, Төл сөз – жазушының(сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертілмей берілген сөзі.

Мысалы: - Сен қайда барасың?

  • Төлеу сөз – жазушының (сөйлеушінің) біреудің сөзінің мазмұнын сақтап, бірақ өз сөзімен өзгертіп берген сөздері.

Мысалы: Анам менен қайда баратынымды сұрады.

Төлеу сөзге айналдырып жазыңыз.

  1. «Ауыр атлетикадан спорт шеберлерін жастайынан бастап тәрбиеледік», - деді бас бапкер.

  2. «Спорттан кеткен соң, сән әлемінде өзіндік қолтаңбамды қалдырып, киім үлгілерін тігемін», - деді әйгілі спортшы.

  3. «Қазақстандық спортшылар тыңғылықты дайындық жасады», - деді бас бапкер.

  4. «Мен 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келдім», - деді бас бапкер.

Бүгін мен білдім

Бүгін сабақ қызықты болды

Маған қиын болды

«Олимпиада ұраны» тақырыбына шығарма жазу.


 
 
 

Comments


Московский государственный университет имени М. В. Ломоносова

© 2023 Артем Смелянский. Сайт создан на Wix.com

  • Facebook Clean Grey
  • Twitter Clean Grey
  • LinkedIn Clean Grey
bottom of page