Отбасындағы қарым-қатынас
- kuralain85
- 18 февр. 2016 г.
- 3 мин. чтения
Сабақтың тақырыбы
«Отбасындағы қарым-қатынас»
Деңгейі:
В1 орта деңгей
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Сабақтың типі:
Дәстүрлі емес
Грамматикалық тақырып:
Бұрынғы өткен шақ
Сабақтың мақсаты:
Отбасы тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы сөздік қорларын байыту, ой – пікірін толық жеткізуге дағдыландыру; түрлі әдіс – тәсілдер пайдалану арқылы мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау, сауатты жазуға үйрету.
Сабақта қолданылатын технологиялар:
Ақпараттық технологияның элементтері, ойын технологиясының элементтері, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері
Қолданылатын әдістер:
Интербелсенді әдіс-тәсілдер, тестілеу, инсерт, тренинг т.б.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар, планшеттер, лента
Лексикалық минимум:
Сүйіспеншілік, ынтымақтастық, түсіністік т.б.
Сабақ барысы:
Психологиялық тренинг
Мақсаты: Жағымды психологиялық орта қалыптастыру.
2 мин
-Сәлеметсіздер ме?!
- Көңіл-күйлеріңіз қалай?
- Би билеуге қалай қарайсыздар?
- Олай болса ортаға шығып бой жазып алайық.
Психологиялық тренинг.
Топтық жұмысты ұйымдастыру. Шаңырақ құру.(ленталар арқылы)
2.Ой шақыру
Мақсаты: тыңдаушыларға бейнероликті көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу
3 минут.
3.Лексикалық минимум
Мақсаты: жаңа сөздермен жұмыс істеу арқылы сөздік қорларын молайту.
3 минут
4.Тыңдалым
Мәтінді тыңдап, мәтіннің мазмұнын түсінуге машықтандыру.
4 минут.
3 топқа тапсырма
6.Оқылым
Мақсаты: тыңдаушылардың сөздік қорларын арттыра отырып, мәтінмен жұмыс істеу.
4 минут
6. Мәтінді бекіту
Мақсаты: Мәтінді қаншалықты дұрыс меңгергенін білу үшін
Аялдама стратегиясы
(аялдама атауын құрау)
7.Грамматикалық минимум. Бұрынғы өткен шақ.
5 минут.
10. Бекіту
Мақсаты: берілген таратпа материалдар арқылы грамматикалық минимумды бекіту.
Тестік жұмыс
(Майкахотпен жұмыс)
12. Қорытынды
2 минут.
13. Бағалау
рефлексивтік экран
14.Үй жұмысы
2 минут.
-Осындай жақсы көңіл – күймен бейнероликті
тамашалайық.
«Отбасындағы қарым-қатынас» бейнесюжетін
тамашалау.
Жетекші сұрақтар:
1)Қалай ойлайсыз, ер адам қайда жұмыс істейді?
2) Оның жұмыс күні қалай өтті?
3) Сәтсіздіктер деп нені айта аласыздар?
4) Бейнесюжеттегі кейіпкер қандай сәтсіздіктерге
душар болды?
5) Сіздің ойыңызша оқиға немен аяқталады?
- Дұрыс айтасыздар, шын бақыт – отбасы бақыты. Отбасы бақыты – отбасы мүшелерінің арасындағы жылы да ізгі қарым-қатынас. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы ...
- «Отбасындағы қарым-қатынас».
Біздің сабағымыздың мақсаты - әртүрлі стратегиялар мен
тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорымызды
молайту, өз ойымызды еркін жеткізе білуге дағдылану.
1-тапсырма.
Фрейер моделі арқылы жаңа сөздердің мағынасын ашу.
Сөзге анықтама беру
Синонимін табу
Антонимді табу (бар болса)
Сөйлем құрау
сүйіспеншілік
ынтымақтастық
түсіністік
3-тапсырма. Жаңа сөздермен таныстық, енді мәтінді тыңдайық.
1-тапсырма.
Менің атым – Ғалия. Мен сізге анам туралы айтқым келеді. Мен анаммен ренжісіп қалдым. Қатты өкінемін. Анам екеуміз менің таңдаған мамандығым туралы келіспей қалдық. Ол менің таңдауымды ұнатпады. Болашақта жұмыс табу қиын болады деді. Маған басқа мамандықты таңда деді. Екеуміз бір-бірімізбен түсінесе алмадық. Мен не істесем екен? Білмеймін.
FILA кестесі
факті
идея
сұрақтар
іс-әрекет жоспары
Аңыз
«Баяғы кезде бір отбасы болыпты. Ол сүйіспеншілік пен ынтымақтастық, түсіністік орнаған бақытты отбасы еді. Сол елдің ханы бұл отбасы туралы естіп, отбасының басшысынан: «Бір-біріңді ренжітпей, тату тұруыңыздың себебі не?»-деп сұрапты. Қарт ақ қағазды алып, ұзақ бір нәрселерді жазып ханға беріпті. Хан қағазға қарап оқыпты да таң қалыпты. Ол қағазда 100 рет бір ғана сөз жазылған екен. Ол қандай сөз?
(топтарға плакаттар беріледі олар аялдамаларға ат қояды, берілген тапсырмалар бойынша топта талдайды, басқа топқа барып келесі тапсырмаларды орындайды.)
1-топ: Бақытты отбасы болу кілті
2-топ: Мәтіндегі негізгі ой
3-топ: Ойды аяқтау
Мәтіндегі Не істепті? Қайткен? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табыңыздар.
Тыңдаушылар жауабы тыңдалады.
Яғни, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Екі түрлі жолмен жасалады.
Етістікке –ып; - іп; - п; - ған, - ген, қан, - кен жұрнақтарының + жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады.
Бұрынғы өткен шақтың формуласы:
етістік + п, - ып, - іп, ған; - ген, - қан, - кен жұрнағының жалғануы арқылы жасалады.
Мысалы: бар+ып+ты=барыпты
көр+ген
жаз+ған+мын
1-тапсырма.Жақшадағы сөздерге қажетті қосымшаларды жалғап жазыңыз.
Тиісті қосымшаларды жалғап жазыңыз.
Нұржан әйелімен кел.............. ті.
Оның қызы әлі тұрмыс құрма....... .
Ұлым үйлен........ .
Баяғы заманда отбасы бол.......ты .
Хан ақ қағазға жаз......... .
Қыз хатты оқы......ты .
Балам мектепті 2010 жылы бітір...... .
Бақытты отбасы бір-біріне сенім арт......ты .
Былтыр отбасы шетелге бар.....ты .
10.Сендер былтыр қонаққа бар...... сыңдар.
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Ата не істепті?
В) Хан ақ қағазға жазды ма?
С) Қарт хатқа қарап таңқалды ма?
Д) Отбасы бір-бірін ренжітті ме?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Хан ақ қағазға ұзақ бір нәрселер жазыпты.
В) Қағазда 10 рет бір сөз жазылған екен.
С) Ол «түсіністік» сөзі еді.
Д) Қарт ақ қағазға қарап таң қалыпты.
Мәтіндегі басты тірек сөздерді таңдаңыз.
А) Отбасы, хан, қарт
В) Отбасы, ақ қағаз, хан
С) Отбасы, хан, түсіністік
Д) Ақ қағаз, қарт, хан
Бүгін мен білдім
Бүгін сабақ қызықты болды
Маған қиын болды
«Отбасындағы қарым-қатынас» тақырыбына шағын шығарма жазу.
コメント