top of page

Әлемнің жеті кереметі

  • kuralain85
  • 18 февр. 2016 г.
  • 4 мин. чтения

Сабақтың тақырыбы

«Әлемнің жеті кереметі»

Деңгейі:

В2 ортадан жоғары деңгей

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың типі:

Дәстүрлі емес

Грамматикалық тақырып:

Бұрынғы өткен шақ

Сабақтың мақсаты:

тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы сөздік қорларын дамыту, ой – пікірін толық жеткізуге дағдыландыру; түрлі әдіс – тәсілдер пайдалану арқылы мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау, сауатты жазуға үйрету;

Сабақта қолданылатын технологиялар:

Ақпараттық технологияның элементтері, ойын технологиясының элементтері, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері

Қолданылатын әдістер:

Интербелсенді әдіс-тәсілдер, тестілеу т.б.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар, планшеттер

Лексикалық минимум:

Мүсін

Алып

Безендірілген

Төселген

Сабақ барысы:

1.«Сәлемдесу – сөз басы»

Психологиялық тренинг

Мақсаты: Жағымды психологиялық орта қалыптастыру.

2 мин.

Сәлеметсіздер ме?!

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

- Би билеуге қалай қарайсыздар?

- Олай болса ортаға шығып бой жазып алайық.

Психологиялық тренинг.

Топтық жұмысты ұйымдастыру. Шеңбер құру.(ленталар арқылы)

Жаңа сабақты бастамас бұрын интерактивті тақтадағы суртеттерге назар аударыңыздар.

2.Ой шақыру

Мақсаты: тыңдаушыларға бейнероликті көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу

3 минут.

3.Лексикалық минимум

Фрейер моделі

Мақсаты: жаңа сөздермен жұмыс істеу арқылы сөздік қорларын молайту.

3 минут

4.Тыңдалым

Мәтінді тыңдап, естіген мәтіннің мазмұнын түсінуге машықтандыру.

4 минут.

FILA кестесі

5.Мәтінді бекіту

6.Оқылым

Мақсаты: тыңдаушылардың сөздік қорларын арттыра отырып, мәтінмен жұмыс істеу.

4 минут.

Аялдама стратегиясы

(3 плакат,3 мәтінді тарату, )

7. Аялдама стратегиясы арқылы

мәтінді бекіту

Мақсаты: Мәтінді қаншалықты меңгергенін білу

8. Айтылым

9. Грамматикалық минимум. Тұйық етістік

5 минут.

9. Бекіту

Мақсаты: берілген таратпа материалдар арқылы грамматикалық минимумды бекіту

10. Қорытынды

2 минут.

11. Бағалау

Рефлексивтік экран

12.Үй жұмысы

2 минут.

  • Көңіл-күйіміз қалай біздің?

  • Тамаша, жақсы, керемет!

  • Ендеше осы «керемет» сөзінің төңірегінде ой қозғап көрейік.

Интерактивті тақтаға керемет сөзіне түсінік беру

«Керемет»-өте жақсы, тамаша, ғажап. Керемет сөзін санмен байланыстырып айтуға бола ма?

Бейнеролигті тамашалау.

Бейнеролик бойынша сұрақтар:

1)Бейнероликтен нені көрдіңіздер?

2)Әлемнің жеті кереметіне не жатады?

3)Ол неліктен әлемнің жеті кереметі деп аталады?

- Дұрыс айтасыздар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Әлемнің жеті кереметі».

Біздің сабағымыздың мақсаты әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорымызды молайту, өз ойымызды еркін жеткізе білуге үйрену.

  • Интерактивті тақтаға назар аударамыз.

  • Тақтадағы әлемнің жеті кереметінің суреттерін атауымен сәйкестендіріңіз. Ол қай жерде орналасқан?

Семирамида бағы

Зевс мүсіні

Артемида храмы

Родос алыбы

Галикарнас

Александрия шамшырағы

  • Ал, Қазақстанның жеті кереметіне нені жатқызар едіңіз?

1-тапсырма. Фрейер моделі арқылы жаңа сөздердің мағынасын ашу.

Сөзге анықтама беру

Синонимін табу

Антонимді табу

Сөйлем құрау

Шамшырақ

Кесене

Мүсін

Алып

Безендірілген

Төселген

3-тапсырма. Жаңа сөздермен таныстық, енді мәтінді тыңдайық.

1-тапсырма.

Таңбалы тас суреттері

Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адам заттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы болып саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі. Тамғалы жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Ол суреттерде ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс ісіне байланысты бейнелер бейнеленген. Алматы обылысындағы таңбалы тас суреттері – бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында.

Барлық топ фила кестесін жасайды

факті

идея

сұрақтар

жоспар

2-тапсырма

Мәтін бойынша тест тапсырмалары:

  1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

Ертедегі адамдар тасқа............ қашап салды.

А) соғыс көріністерін

В) адамдарды

С) жануарларды

Д) жәндіктерді

  1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

А) Археологтер жартастағы таңғажайып суреттерді неге зерттеді?

В) Қазақстан әлемдегі ең бай елдердің бірі ме?

С) Жартастағы таңғажайып суреттер мұражайда ма?

Д) Алматы облысындағы таңбалы тас суреттері бүкіл әлемге әйгілі ме?

  1. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

Таңбалы тас суреттері...............

А) Әлемге әйгілі

В) Ағашқа қашап салынған

С) Археологтер зерттемеген

Д) өте әдемі

4-тапсырма. Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқыту.

  1. Бәйтерек–Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан.

  2. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды.«Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді.

  3. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған«Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бір.

Патриот болу – өз еліңді, халқыңды ,тұрған жеріңнің әрбір құндылықтарын және

1-тапсырма Аялдама стратегиясы (топтарға плакаттар беріледі олар аялдамаларға ат қояды, берілген тапсырмалар бойынша топта талдайды, басқа топқа барып келесі тапсырмаларды орындайды.)

1-топ: Әлемнің жеті кереметінің бірімен Бәйтерек монументін салыстырыңыз.

2-топ: Мәтіндегі тірек сөздер

3-топ: Әр азат жолға тақырыпша жазу

Әр топтан спикер шығып өз жұмыстарын қорғайды.

  • Енді мәтінге назар аударыңыздар, қарамен белгіленген сөздерге назар аударыңыздар.

  • Сүю, бағалау, сақтау бұл қандай сөздер?Нені білдіреді?

  • Іс-қимылды, әрекетті

  • Жақсы, бұл сөздер етістіктер. У жұрнағы арқылы жасалады. Тұйық етістіктер.

Тұйық етістіктің формуласы:

Етістік+у

Мысалы: сүй+у=ю

  • ағала+у=бағалау

  • =сақтау

  • Мәтіннен түртіп алу тәсіл арқылы берілген етістіктерден тұйық етістіктерді жасау.

Бүгін мен білдім

Бүгін сабақ қызықты болды

Маған қиын болды

«Әлемнің жеті кереметі» тақырыбына шағын шығарма жазу.


 
 
 

Comments


Московский государственный университет имени М. В. Ломоносова

© 2023 Артем Смелянский. Сайт создан на Wix.com

  • Facebook Clean Grey
  • Twitter Clean Grey
  • LinkedIn Clean Grey
bottom of page