Бірлік барда - тірлік бар
- kuralain85
- 13 июн. 2016 г.
- 4 мин. чтения
Сабақтын тақырыбы: «Бірлік барда – тірлік бар»
Сабақтың мақсаты: 1. Тыңдаушылардың 2 ай көлемінде меңгерген білім деңгейлерін көрсету, өтілген модульдер бойынша грамматикалық және лексикалық минимумды қайталату арқылы тексеру, қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс дыбыстауға дағдыландыру.
2. Өз ойларын қорыта біліп, барынша ауызекі сөйлеу. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту, жаңа сөздермен толықтыру.
3. Тыңдаушылардың қазақша нақты, ұтымды жауап беруге және қазақ тілін одан ары жалғастырып оқуға ынталандыру.
Сабақ типі: қорытынды сабақ
Сабақтын түрі: дәстүрлі емес
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ-жауап
Сабақтын көрнекілігі: техникалық құралдар,музыка,слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,орындарына отырғызу,сабақ барысымен таныстыру.
Оқытушының кіріспе сөзі: Құрметті тыңдаушылар!
Біздің 2 айлық курсымыз аяқталды.Бүгін соңғы сабағымызда біз 2 айдың ішінде алған білімдерімізді көрсетеміз.
-Іске сәт, сабағымызды бастайық!
1 кезең
Келіңіздер танысайық!
(Екі тіл үйренуші шығып слайд арқылы тіл үйренушілерді таныстырады.)
Бұл Владимир. Ол әкімдікте жұмыс істейді.Ол көңілді адам.
Бұл Олеся.Олеся құрылыс фирмасында жұмыс істейді.Ол білімді,ақкөңіл адам.
Бұл Инна.Оның мамандығы құрылысшы.Ол өте сыпайы, мейрімді адам.
Бұл Света.Света тұрмыста.Ол талапты,көңілді адам.
Бұл Аня. Ол университеттте оқиды.Ол талапты қыз.
Бұл Дина. Динаның отбасы бар. Дина есепші болып жұмыс істейді.
Бұл Тимур.Тимур студент,болашақта заңгер болады.
Бұл Вера. Вера өз жұмысын жақсы көреді.Ол мейрімді және білімді адам.
Бұл Галина. Галина баспада жұмыс істейді.Ол шыншыл адам.
2 кезең
Үй тапсырмасы
Аня: «Өзім туралы» слайд
Менің атым Аня,тегім – Богушевич.Мен он тоғыз жастамын.Мен Өскемен қаласында 1994 жылы 27 мамырда тудым.Жастық шағым осы қалада өтті.Мен ҚАЕУ жанындағы мектепті яақтадым және қазір ҚАЕ университетінде оқимын.Менің болашақ мамандығым бағдарламашы.Бұл өте қызықты және маңызы зор мамандық.Мен үш жыл оқимын. Болашақта мен «1С Рейтинг» компаниясында жұмыс істегім келеді.Мен көңілді және жігерлі адаммын.Мен бос уақытымды достармен өткіземін.Біз қыдырамыз, киноға, кафеге барамыз және телефонмен жиі сөйлесеміз.Сонымен қатар, бос уақытымда мен кітап оқимын, пионинода ойнаймын және сурет салумен әуестенемін. Бұл менің суреттерім.Қазір мен қазақ тілін оқимын. Болашақта қазақ тілінде жақсы сөйлескім келеді.
Света: «Менің отбасым» слайд
Бұл менің отбасым. Менің отбасым үлкен емес, бірақ меніңкөптуыстарым бар. Менің күйеуім, әкем, шешем, әпкем, жездем және жиенім бар.Мен және менің күйеуім Өскеменде тұрамыз.
Бұл меніңкүйеуім. Менің күйеуімнің аты Макар. Ол 28 жаста. Ол есепші. Менің күйеуім еңбекқор, ақжарқын, шыншыл, қамқорлы адам.Бұл менің әкем және шешем. Олар мәдениетті, әділ, сенімді, ақжарқын адамдар. Олар ауылда тұрады. Менің анамның аты Надежда. Ол 57жаста. Ол сатушы. Менің аннам дүкенде жұмыс істейді.Менің әкемнің аты Сергей. Ол 57 жаста. Ол электрик. Менің әкем «Казахмыс» компаниясында жұмысістейді.Бұл менің әпкем. Оның аты Ольга. Ол 39 жаста. Оля сатушы. Ол дүкендежұмыс істейді. Оля әдемі, ақылды, еңбекқор адам. Бұл менің әпкем күйеуі. Оның аты Александр. Ол 43 жаста. Саша «Норильский никель» компаниясында жұмысістейді. Ол мейірімді адам. Бұл менің әпкемнің ұлы Вадим. Ол 20 жаста. Вадим жақында әскерден келді. Ол тоғызыншы мамырда Мәскеуде Қызыл алаңда шеруге қатысты. Оля, Саша және Вадим Норильскіде тұрады. Бұл қалада қыста өте суық.Жазда біз өзенге барамыз. Біз суға шомыламыз және кәуап құырамыз.Біз көкөністерді, гүлдерді, жидектерді өсіруді ұнатамыз.Күзде біз санырауқұлақтарды жинаймыз.Менің отбасым жақсы! Мен өзі отбасымды сүйемін!
Олеся: «Біздің мекеме» слайд
Біздің мекеме Сройтехэксперт деп аталады.Біздің фирма Орджоникидзе көшесінде орналасқан.Бұл үш қабатты үлкен емес ғимарат.Ғимарат жаңа емес.Қыста мұнда жылы.Біздің жобалау бөлімі үшінші қабатта орналасқан.Біздін қабатта ұзын дәліз және алты бөлім бар.Басшының кабинеті.Құрылысшылар кабинеті.Ксерокс жане баспа бөлімі.Бөлмеде жұмыс үстелдері,орындықтар,компьютерлер,кітапсөресі жане киім қоятын шкаф, кондиционер, қабырғада түрлі суреттер ілінген, терезелердің алдында гүлдер тұр.
Инна: «Менің әріптестерім» слайд
Біздің ұжымда он жеті адам бар.
Біздің басшы - бас инженеры Галина Валерьевна. Ол іскер,білімді,әділ және мәдениетті адам.Бұл Вера Сергеевна.Ол сәулетші. Вера отыз төрт жаста.Вераның күйеуі және екі баласы бар. Ол еңбекқор,білімді,мейрімді және ақылды адам.Біздің сәулетші - Махаббат Александровна. Ол отыз бес жаста. Махаббаттың Артур баласы бар, ол балабақшаға барады.Махаббат ақкөңіл, көңілді және көпшіл адам.Бұл Максим, Наталья, Никита, Катя және Вячеслав. Олар талапты және білімді инженер-құрылысшылар.Олеся сумен қамту сарапшы. Ол отыз үш жаста.Олеся адал, және әдепті адам.Біздің электр-инженер Александр. Ол отыз жаста.Александр тұрақты және еңбекқор адам.Бұл инженер-құрылысшылар: Ольга, Костя, Игорь, Ира және Татьяна. Олар көңілді және еңбеққор адамдар.
Бұл Инна. Ол жобалық топтың басқарушысы.Ол жиырма жеті жаста.Инна талапты,сыпайы,ақкөңiл және сүйкімді адам.
Владимир: «Менің достарым» слайд
Менің достарым тамаша адамдар.Біз бәріміз бірінші подъезде тұрамыз. Олар мен шамалас.Райзаданың екі баласы бар.Олар оқушы. Жолдасы Бауыржан жол полициясында жұмыс істейді. Райзада медбике, ол емханада жұмыс істейді.Төртінші қабатта Айнаш пен Ержан тұрады. Айнаш психолог- нарколог.Ержан полицияда жұмыс істейді. Олардың екі баласы бар.Үлкені студент,кішкентайы балабақшаға барады.Олар өте тату.Менің достарым өте білімді адамдар. Біз бір- бірімізді мерекемен,туған күнмен құттықтаймыз.
Дина: «Менің бос уақытым» слайд
Мен бос уақытымда белсенді өткіземін.Жазда мен тауға шығамын,өзен,көлдерге барамын.Қыста коньки және шаңғы тебуді ұнатамын.Биыл мен қыста Астана қаласына бардым.Бұл маған өте ұнады, ал көктемде Алматыға бардым.Еңбек демалысымда мен шетелге барып демаламын. Жазда саяжайға барып,бақшада көкөністерді егемін. Жидектерді теремін және дәмді тосап қайнатамын. Мен мейрамдарды жақсы көремін,себебі мейрамдарды отбасымен, достармен өткіземін.
3 кезең
Көрініс көрсету.
Танысу.
Сәілеметсің бе?
Сәілеметсің бе?
Сенімен танысуға бола ма?
Иә, болады менің атым Вера.
Ал сенің атың кім?
Менің атым Галина.
Сен неше жастасың?
Мен 50 жастамын. Ал сен неше жастасың?
Мен 47 (қырық жетідемін)
Галина сенің отбасын бар ма?
Иә,бар. Олар:қызым,ұлым және мен.
Вера ал сенің отбасын бар ма?
Иә,бар.Олар: қызым және мен.
Галина сен қайда жұмыс істейсің?
Мен Баспада жұмыс істеймін.Ал сен ше?
Мен үй шаруасындағы әйелмін.
Көріскенше Вера.
Кездескенше Галина.
Сау бол.
Сау бол.
Азық - түлік дүкенінде
Сатып алушы: -Сәлеметсіз бе?
Сатушы: -Сәлеметсіз бе? Сізге не керек?
Сатып алушы: - Маған бір килограмм кәмпит, екі литр шырын, 10 дана тоқаш беріңізші.
1 килограмм мәнті қанша тұрады?
Сатушы: - 1 килограмы 700 теңге тұрады. Қанша өлшейін?
Сатып алушы: - 2 килограмм өлшеңіз.
Сатушы: - Міне, алыңыз.
Сатып алушы: - Қанша төлеймін?
Сатушы: - 1500 теңге беріңіз.
Сатып алушы: - Сау болыңыз!
Сатушы: - Сау болыңыз! Тағы да келіңіз!
Асханада
Тимур: - Аға асханаға барамыз ба?
Владимир: - Асханаға барайық.
Аспазшы: - Сәлеметсіз бе? Қандай тапсырыс жасайсыз?
Владимир: - Сәлеметсіз бе? Біріншіге не аламыз?
Тимур: - Мен борщ көжесін аламын,сіз не аласыз?
Владимир: - Мен балық сорпасын аламын.
Владимир: - Екіншіге не аламыз?
Тимур: - Бешпармақ алайық.
Тимур: - Онда үшіншіге шәй алайық.
Аспазшы: - Шай сүтпен аласыз ба?
Тимур: - Әрине, сүтпен.
Аспазшы: - Сіздің тапсырсыңыз. Ас болсын!
Владимир Тимур: - Рахмет.
Әуежайда
Олеся: -Сәлеметсізбе!
Инна: -Қайырлы күн! Сізге қандай көмегім қажет?
Олеся: - Мен өз рейсімді анықтап білейін деп едім.
Инна: - Сіз қай жаққа ұшасыз?
Олеся: - Мен Шриланкаға ұшамын.
Инна: - Сіздің рейсіңізге тіркелу басталады.
Олеся: - Неше сағат ұшады?
Инна: - Бес сағат қырық минут ұшады.
Олеся: - Ұшақ ЧайнаБей әуежайға қашан келеді?
Инна: - Чайнабей әуежайға он бес сағат отыз минут Астана уақыттымен келеді.Сіз шетелде болдыңыз ба?
Олеся: - Иә. Мен шетелде жиі боламын.
Инна: -Жақсы, билеттерді тіркеуге барыңыз. Сәт сапар тілеймін!
Олеся: - Рахмет! Сау болыңыз!
«Көк тудың желбірегені» әнін орындау.
Куәлікті тапсыру рәсімі
Comments