top of page

Дені саудың - жаны сау

  • kuralain85
  • 12 мая 2017 г.
  • 2 мин. чтения

Медицина саласының қызметкерлеріне арналған ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау»

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап

Сабақтың мақсаты: 1. Тыңдаушылардың танымдық қабілетін жетілдіре отырып, меңгерген деңгейлерін көрсету, өтілген грамматикалық және лексикалық минимумдарының меңгеруін тексеру.

2. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту, жаңа сөздермен толықтыру. Есте сақтау қабілетін арттыру, әңгімелеуге баулу, рөлдерде ойнай білуге дағдыландыру.

3. Тыңдаушыларды сабақ арқылы ұйымшылдыққа, достыққа шақыру. Патриоттық сезімді ояту, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Техникалық құралдар, музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. - Сәлемдесу, орындарына отырғызу, сабақ барысымен таныстыру.

Оқытушының кіріспе сөзі: - Құрметті тыңдаушылар!

біздің 2 айлық курсымыз осымен аяқталды. Бүгін соңғы сабағымызды 2 айдың ішінде алған білімдерімізді көрсетеміз.

  • Іске сәт, сабағымызды бастайық!

Дәрігердің травмотологиялық бөлімшедегі науқастарды тексеруі:

Науқастар: -Сәлеметсіз бе?

Дәрігер: - Қалдарыңыз қалай?

1-науқас: - Жақсы

2-науқас:- Нашар

3-науқас: - Жаман

Дәрігер: - Не болды?Қай жеріңіз ауырады?

1-науқас: - Менің аяғым сынды, ауырып тұр.

Дәрігер: - Қане, аяғыңызды көрейік. Операциядан кейін аяғыңыз 1-2 күн ауырады қазір сізге ауырғанды басатын дәрі жазып беремін.(Кеторол жазып береді)

2-науқас: - Дәрігер, менің қолым сынды, қақсап тұр.

Дәрігер: - Қазір сізге гипс саламыз.

2-науқас: - Ойбай, ауырмай ма? Мен қорқамын.

2-науқас: - Рахмет, айтқаныңыз келсін.

3-науқас: - Менің саусағым сынды. Операция жасады қазір жақсы.

4-науқас: - Менде бәрі жақсы

Дәрігер: -Сізді ертең шығарамыз. Сіздің анализдеріңіз өте жақсы.

Дәрігер: - Қазір көрейін, қанеки, мхм, таңау керек. Таңу бөлмесіне барыңыз. Медбике таңады.

Науқас: - Рахмет!

Дәрігер: - Сау болыңыздар!Ауырмаңыздар!

1 хирургиялық бөлімшедегі науқастарды дәрігердің тексеруі.

Дәрігер: - Амансыздар ма?Қалдарыңыз қалай?

Науқастар: 1-науқас: - Ой, дәрігер, халым нашар. Операциядан кейін ішім ауырады.

Дәрігер: -Түк етпейсіз, жазылып кетесіз. Қазір ішіңізді көрейік.(науқастың ішін басып көреді)

1-Науқас: - Ойбай, ауырады, ақырын.

Дәрігер: - Қазір ауырғанды басатын дәрі кеторол жазып беремін. Күніне 3 рет ішесіз. Көбірек жүріңіз!

1-Науқас: - Рахмет!

2-науқас: -Менің өтімнен тас алған, ауырады. Дене қызуым бар.

Дәрігер: - Қазір өлшейміз. 3 минут отырыңыз.

3-науқас: - Дәрігер, менің бүйрегімқатты ауырады.

3-науқас: - Аздап ауырады

Дәрігер: - Зертханаға барып анализ тапсырыңыз. Сосын келесіз.

3-науқас: - Жақсы,рахмет!

Дәрігер: (2-науқастың градуснигін алады) – дене қызуыңыз жоғары, 38,5 ауырғанды басатын дәрі жазамын. Аспирин, цитромон куніне 3 рет ішесіз. Көбірек су ішіңіз.

2-науқас: - Жақсы, көп рахмет!

4-науқас: - Менің қалым жақсы, дәрігер.

Дәрігер: - Сіздің анализдеріңіз жақсы, сізді ертен шығарамыз.

4-науқас: - Қандай керемет!рахмет,дәрігер!

Дәрігер: - Оқасы жоқ, сау болыңыздар!ауырмаңыздар!

Тану бөлмесі: 3-науқас:-ой, аяғым,аллай, ауырады! Біреу бар ма?

2-науқас: -Ешкім жоқ, кіріңіз!

3-науқас:- Рахмет!

Медбике: - Сәлеметсіз бе?

2-науқас: - Сәлеметсіз бе?

Медбике: - Отырыңыз,қолыңыздытаңамын.

2-Науқас: - Ауырмай ма?

Медбике: - Жоқ,қорықпаңыз,қолыңызды үстелге салыңыз.

2-Науқас: - Жақсы, медбике, рахмет, жақсы болып қалдым.

Медбике: - Оқасы жоқ,ауырмаңыз!

3-науқас: - Тоқ-тоқ, кіруге бола ма?

Медбике: - Кіріңіз,отырыңыз. Қашан таңады?

3-науқас: - 3-күн болды.

Медбике: - Ауыстыру керек, аяғыңызды орындыққа салыңыз. Ауырмай ма?

3-науқас: - Жоқ, сіздің қолыңыз сондай жеңіл

Медбике: - Рахмет!

3-науқас: - Рахмет, қарағым,көп жаса!

Зертхана:

Науқас:- Қайырлы таң! Кіруге бола ма?

Медбике: - Жолдамаңыз бар ма?

Науқас: - Бар

Медбике: - Кіріңіз,отырыңыз! Қолыңызды үстелге қойыңыз(қан алу процесі)Енді мақтаны ұстаңыз,болды.

Науқас: - Анализ қашан дайын болады?

Медбике: - 1 сағаттан кейін.

Науқас: - Рахмет.

Бас дәрігердің кабинеті:

Дәрігерлер: - Сәлеметсіз бе?

Бас дәрігер: - Амансыздар ма? Кіріңіздер, отырыңыздар!

Травматология бөлімшесінің дәрігері: - Травматологияда науқастардың көбі операциядан кейін. Қалдары жақсы, 10-ыншыпалатадан ертен 2 науқасшығады.

1 хирургиялық бөлімшесінің дәрігері: - Хирургияда да операциядан кейінгі науқастар, жағдайлары бірқалыпты.

Дәрігер: - Жақсы,боссыздар!

Травматология бөлімшесі 10 палата: - 4-науқас: - Ал, мен кеттім, жазылдым.

5-науқас: - Менде шығам, бірге кетейік.

4-науқас:- Жарайды, жинал!

1-науқас: - Нөміріңді берші,хабарласайық.

4-науқас: - 26-30-15 хабарлас. (құшақтасып қоштасу)Сендер де тезірек шығыңдар! Білесіздер, бірінші байлық – денсаулық!

Науқастар: - Дұрыс айтасыз, сіздер де ауырмаңыздар!


 
 
 

Comments


Московский государственный университет имени М. В. Ломоносова

© 2023 Артем Смелянский. Сайт создан на Wix.com

  • Facebook Clean Grey
  • Twitter Clean Grey
  • LinkedIn Clean Grey
bottom of page