top of page

Денсаулық - зор байлық

  • kuralain85
  • 12 мая 2017 г.
  • 4 мин. чтения

№1 Өскемен қалалық ауруханасының курс тыңдаушыларына арналған қорытынды сабақ жоспары

(«Тілашар» курсы бойынша)

Өткізілген орны: Әуезов к-сі, 3

Тақырыбы: «ДЕНСАУЛЫҚ –ЗОР БАЙЛЫҚ»

Сабақтың түрі: Қорытынды-нәтиже сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелесу, сұхбат

Сабақтың мақсаты: 1. Тыңдаушылардың 2 ай көлемінде меңгерген білім деңгейлерін көрсету, өтілген грамматикалық және лексикалық минимумды қайталату арқылы тексеру, қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс дыбыстауға дағдыландыру.

2. Өз ойларын қорыта біліп, барынша ауызекі сөйлеу, өздігінен сұрақ қоя білу дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту, жаңа сөздермен толықтыру.

3. Тыңдаушылардың қазақша нақты, ұтымды жауап беруге және қазақ тілін одан ары жалғастырып оқуға ынталандыру.

Көрнекілігі: Техникалық құралдар, музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, орындарына отырғызу, сабақ барысымен таныстыру.

Оқытушының кіріспе сөзі: Құрметті тыңдаушылар! Біздің 2 айлық курсымыз аяқталды.Бүгін соңғы сабағымызда біз 2 айдың ішінде алған білімдерімізді көрсетеміз.

  • Іске сәт, сабағымызды бастайық!

II. Сабақ барысы.

І бөлім «Кел, достар, танысайық!»

1-дәрігер: Өзін таныстырады

2-дәрігер: Отбасы туралы айтады

3-дәрігер: Жұмысы туралы айтады

4-дәрігер: Досы туралы айтады

5-дәрігер : Өскемен қаласы туралы айтады

ІІ бөлім «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»

Тіркеу бөлімінде

-Сәлеметсіз бе?

- Сәлеметсіз бе!

-Менің дәрігерлік кітапшамды беріңізші.

-Сіздің аты-жөніңіз кім болады, қай учаскеденсіз?

-Менің аты-жөнім – Иванова Галина Петровна.№ 9 учаскеденмін

-Мекен-жайыңыз қандай?

-Мекен-жайым – Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 104-үй.

-Мінекей, алыңыз. Көз дәрігері екінші қабатта, 207-кабинетте.

-Рахмет, сау болыңыз!

-Сау болыңыз!

Өзінің дәрігерлік кітапшасымен дәрігерге келеді.

2) Дәрігерде

-Сәлеметсіз бе, дәрігер апай!

-Сәлеметсіз бе, отырыңыз, қай жеріңіз аурады?

-Менің көзім нашар көретін болды.

-Қазір көзіңізді тексереміз. (Дәрігер көзін қарайды да,қашықтықта ілінген әріптер мен суреттер бейнесін науқасқа ұсынады).

-Мынау қай әріп?

-Қ әрпі.

-Дұрыс, жақсы. Ал мынау?

-Бұл –Ы әрпі.

-Жоқ, дұрыс емес, бұл – І әрпі.

Дәрігер:

-Мынау ағаш па?

-Жоқ, бұл ағаш емес, гүл.

-Рахмет!

Сонан соң дәрігер науқастың көзіне дәрі құяды да сұрайды:

-Қазір көзіңізге дәрі құямын. Қалай, жақсы болды ма?

-Біраз жақсы көретін болдым. Рахмет!

-Сау болыңыз! Келесі кездескенше!

Дәрігердің травмотологиялық бөлімшедегі науқастарды тексеруі:

Дәрігер: - Сәлеметсіздер ме?

Науқастар: -Сәлеметсіз бе?

Дәрігер: - Қалдарыңыз қалай?

1-науқас: - Жақсы

2-науқас:- Нашар

3-науқас: - Жаман

Дәрігер: - Не болды?Қай жеріңіз ауырады?

1-науқас: - Менің аяғым сынды, ауырып тұр.

Дәрігер: - Қане, аяғыңызды көрейік. Операциядан кейін аяғыңыз 1-2 күн ауырады қазір сізге ауырғанды басатын Кеторол дәріні жазып беремін.

2-науқас: - Дәрігер, менің қолым сынды, қақсап тұр.

Дәрігер: - Қазір сізге гипс саламыз.

2-науқас: - Ойбай, ауырмай ма? Мен қорқамын.

Дәрігер: - Жоқ, қорықпаңыз бәрі жақсы болады.

2-науқас: - Рахмет, айтқаныңыз келсін.

3-науқас: - Менің саусағым сынды. Операция жасады, қазір жақсы.

4-науқас: - Менде бәрі жақсы.

Дәрігер: - Сізді ертең шығарамыз. Сіздің анализдеріңіз өте жақсы.

Науқас: - Рахмет!

Дәрігер: - Сау болыңыздар!Ауырмаңыздар!

Зертхана:

Науқас:- Қайырлы таң! Кіруге бола ма?

Медбике: - Жолдамаңыз бар ма?

Науқас: - Бар

Медбике: - Кіріңіз,отырыңыз! Қолыңызды үстелге қойыңыз(қан алу процесі)Енді мақтаны ұстаңыз,болды.

Науқас: - Анализ қашан дайын болады?

Медбике: - 1 сағаттан кейін.

Науқас: - Рахмет.

ІII бөлім «Кел, достар, ойнайық та күлейік!»

(Аурухана туралы әзіл –сықақтарды тамашалау)

Емханада:

– Дәрігер, мен түсімде сериал көре беремін.

– Мына дәріні бүгін ішіңіз, басылып қалады.

– Келесі аптаның соңында ішсем бола ма?

– Неге?

– Соңғы серияларын бір-ақ көре салайын дегенім ғой.

Бір келіншек дәріханаға келеді:

– Күйеуімнің жүйкесі жұқа еді, көршінің иті түнімен ұлып, қыңсылап шығады, содан ұйқысы қашып жата алмайды.

– Мына дәріні берсеңіз болды.

Ертесі әлгі келіншек қайтып келеді:

– Кешіріңіз, сіз маған қандай дәрі бергенсіз, күйеуімді әлі оята алмай жатырмын.

– Дәріні итке беру керек еді ғой...

Бір жігіт емханаға қоңырау шалады:

– Дәрігер, көмектесіңізші, мен дойбының бір тасын байқамай жұтып қойып едім.

– Қашан?

– Екі-үш ай болды.

– Осы уақытқа дейін неге хабарласпағансыз.

– Бүгін бір досым «дойбы ойнайықшы» деп келіп тұр еді...

Емханада:

– Дәрігер, менің күндіз ұйқым келеді де, түнде ояу жүремін.

– Онда түнгі ауысымдағы жұмысқа орналасыңыз...

Бір жігіт емханаға келіп, бір кабинеттің есігін ашады:

– Сіз көз дәрігерісіз бе?

– Жоқ, гинекологпын, бірақ қарап берейін...

Дәрігердің қабылдауында

  • Аты-жөніңіз кім? – дейді дәрігер.

  • Ссс...сәр...сс..ен, Сс..улл...танов – дейді.

  • Немене, сіз кекешсіз бе? – дейді дәрігер.

  • Жоқ, менің әкем кекеш болған екен.

  • Туу туралы куәлігімді толтырған адам әкемнің айтуы бойынша толтырыпты.

Сабағымызды әдемі әнмен аяқтайық. «Жаса, Қазағым»

Қорытынды сөз және куәлікті табыстау салтанаты ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Ағажаева Бақыт Кәрімқызына және орталықтың әдіскері Акласова Сания Исаханқызына беріледі.

Куәлікті тапсыру рәсімі, соңынан тыңдаушылардың курс туралы пікірлері тыңдалады.

Менің аты-жөнім .................. . Мен медбикемін. Мен Өскемен қаласында тұрамын.Менің туған қалам – Өскемен.Өскемен – Шығыс Қазақстан облысының орталығы. Өскемен – үлкен, әдемі қала.Өскеменде екі өзен бар, ол Ертіс пен Үлбі. Өскемен өнеркәсіп орталығы. Қалада зауыт пен фабрикалар көп.Үлкен Спорт сарайы бар. Мектеп, бала-бақшалар көп.Мен қаламды жақсы көремін.

Емханада:

– Дәрігер, мен түсімде сериал көре беремін.

– Мына дәріні бүгін ішіңіз, басылып қалады.

– Келесі аптаның соңында ішсем бола ма?

– Неге?

– Соңғы серияларын бір-ақ көре салайын дегенім ғой.

Бір келіншек дәріханаға келеді:

– Күйеуімнің жүйкесі жұқа еді, көршінің иті түнімен ұлып, қыңсылап шығады, содан ұйқысы қашып жата алмайды.

– Мына дәріні берсеңіз болды.

Ертесі әлгі келіншек қайтып келеді:

– Кешіріңіз, сіз маған қандай дәрі бергенсіз, күйеуімді әлі оята алмай жатырмын.

– Дәріні итке беру керек еді ғой...

Бір жігіт емханаға қоңырау шалады:

– Дәрігер, көмектесіңізші, мен дойбының бір тасын байқамай жұтып қойып едім.

– Қашан?

– Екі-үш ай болды.

– Осы уақытқа дейін неге хабарласпағансыз.

– Бүгін бір досым «дойбы ойнайықшы» деп келіп тұр еді...

Емханада:

– Дәрігер, менің күндіз ұйқым келеді де, түнде ояу жүремін.

– Онда түнгі ауысымдағы жұмысқа орналасыңыз...

Бір жігіт емханаға келіп, бір кабинеттің есігін ашады:

– Сіз көз дәрігерісіз бе?

– Жоқ, гинекологпын, бірақ қарап берейін...

Дәрігердің қабылдауында

  • Аты-жөніңіз кім? – дейді дәрігер.

  • Ссс...сәр...сс..ен, Сс..улл...танов – дейді.

  • Немене, сіз кекешсіз бе? – дейді дәрігер.

  • Жоқ, менің әкем кекеш болған екен.

  • Туу туралы куәлігімді толтырған адам әкемнің айтуы бойынша толтырыпты.

Емханада:

– Дәрігер, мен түсімде сериал көре беремін.

– Мына дәріні бүгін ішіңіз, басылып қалады.

– Келесі аптаның соңында ішсем бола ма?

– Неге?

– Соңғы серияларын бір-ақ көре салайын дегенім ғой.

Бір келіншек дәріханаға келеді:

– Күйеуімнің жүйкесі жұқа еді, көршінің иті түнімен ұлып, қыңсылап шығады, содан ұйқысы қашып жата алмайды.

– Мына дәріні берсеңіз болды.

Ертесі әлгі келіншек қайтып келеді:

– Кешіріңіз, сіз маған қандай дәрі бергенсіз, күйеуімді әлі оята алмай жатырмын.

– Дәріні итке беру керек еді ғой...

Бір жігіт емханаға қоңырау шалады:

– Дәрігер, көмектесіңізші, мен дойбының бір тасын байқамай жұтып қойып едім.

– Қашан?

– Екі-үш ай болды.

– Осы уақытқа дейін неге хабарласпағансыз.

– Бүгін бір досым «дойбы ойнайықшы» деп келіп тұр еді...

Емханада:

– Дәрігер, менің күндіз ұйқым келеді де, түнде ояу жүремін.

– Онда түнгі ауысымдағы жұмысқа орналасыңыз...

Бір жігіт емханаға келіп, бір кабинеттің есігін ашады:

– Сіз көз дәрігерісіз бе?

– Жоқ, гинекологпын, бірақ қарап берейін...

Дәрігердің қабылдауында

  • Аты-жөніңіз кім? – дейді дәрігер.

  • Ссс...сәр...сс..ен, Сс..улл...танов – дейді.

  • Немене, сіз кекешсіз бе? – дейді дәрігер.

  • Жоқ, менің әкем кекеш болған екен.

  • Туу туралы куәлігімді толтырған адам әкемнің айтуы бойынша толтырыпты.


 
 
 

Comments


Московский государственный университет имени М. В. Ломоносова

© 2023 Артем Смелянский. Сайт создан на Wix.com

  • Facebook Clean Grey
  • Twitter Clean Grey
  • LinkedIn Clean Grey
bottom of page